АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлері қазір күйік шалған, жарақат алған екі адамды емдеп жатыр.
— Екі науқастың да жағдайы тұрақты ауыр. Бір науқастың қолын күйік шалған. Оның мойын омыртқасы сынған. Екіншісі науқастың кеуде тұсы, өкпесі зақымданған. Оның да қолын күйік шалған, — деді Көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Азамат Турушев.
Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті.
Бортта үш адам болған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды.
Екі науқасты күйік шалған. Олар Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Әзірге науқастардың аты-жөні белгісіз.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.