Ақтөбеде тікұшақ апаты кезінде 1 адам көз жұмды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданя Сарыарқа ауылы маңында тікұшақ жанып, бортта болған бір адам мерт болды. Екеуі ауруханаға жеткізілді.

скорая помощь
Фото: пресс-служба акимата Алматы

Оқиға бүгін сағат 11:40–та болды. Хабар 112 нөміріне келіп түскен. 

— Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі болжам бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді. МИ — 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді, — деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Айта кетейік, зардап шеккен екі адамды қазір дәрігерлер қарап жатыр. Олардың жағдайы туралы кейін хабарланады. 

Соңғы жаңалықтар