АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысының әкімдігі Мәртөк ауданы Сарыжар ауылы маңында болған тікұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
— Тікұшақ апатынан зардап шеккендерге тиісті медициналық қолдаудың ұйымдастырылғандығын және қаза болған азаматтың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетіндігін хабарлайды. Марқұм болған азаматтың отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бүгін Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, жанып кетті.
Экипаждағы адамдардың біреуі оқиға орнында көз жұмды.
Екі науқасты күйік шалған. Олар Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.