Төрт өңірде облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай және Павлодар облыстарында облыстық маңызы бар 2 автожол, Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

 Ақтөбе облысы:

«РФ шекарасы-Актөбе-Қызылорда-Алматы- ҚХР шекарасы»;

Қызылорда облысы:

РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы»;

Павлодар облысы:

«Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы».

Сондай-ақ хабарламада ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», делінген хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райы күрт өзгеретінін ескерткен еді

Бұған дейін 2 желтоқсан күні еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жаздық.