Ақтөбе облысы:
«РФ шекарасы-Актөбе-Қызылорда-Алматы- ҚХР шекарасы»;
Қызылорда облысы:
РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы»;
Павлодар облысы:
«Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы».
Сондай-ақ хабарламада ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.
«Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», делінген хабарламада.
Айта кетейік, синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райы күрт өзгеретінін ескерткен еді.
Бұған дейін 2 желтоқсан күні еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жаздық.