— Біз Канадамен саудадан жылына 90 млрд доллар жоғалтамыз. Маған Канаданың әнұраны ұнайды, бірақ оны міндетті түрде тыңдауым керек емес. Сол секілді бізге хоккей таяқтары да, қорғаныш маскалары да, олардың бізге сататын басқа заттары да қажет емес. Мұның соңы не болатынын көрейік, — деді Трамп Теннесси штатында жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде.
Тамыз айында АҚШ-тың сауда келіссөздері жөніндегі өкілі Джеймисон Грир Оттава Вашингтон тиімді деп санаған екіжақты сауда келісімінен бас тартқанын мәлімдеген еді. Осыған байланысты АҚШ 22 тамыздан бастап Канададан импортталатын тауарлардың жекелеген санаттарына 50 пайыздық баж салығын енгізді.
Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ-пен сауда келіссөздерін тоқтату туралы шешім қабылдағанын растады. Сондай-ақ Оттава Вашингтонға жауап ретінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Карни АҚШ пен Канада арасында сауда соғысы басталғанын айтып, оған Вашингтонның бастамашы болғанын жеткізді.
Кейін Трамп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Канададан әкелінетін автомобильдерге, автокөлік бөлшектері мен болатқа 50 пайыздық баж салығын енгізу жоспарланып отырғанын жариялады. Ал 8 қыркүйекте Оттаваның АҚШ тауарларына қатысты жауап баж салығы күшіне енді.
Осыған дейін АҚШ Канададан алкоголь өнімдерін импорттауға тыйым салатыны хабарланған болатын.