Түнде үсік, күндіз тұман: Синоптиктер ертеңгі ауа райына қатысты ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — 29 қазанда Қазақстанның 16 облысында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Фото: Pexels

Жамбыл облысы

29 қазанда таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың таулы аудандарында секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша 1–6 градус үсік жүреді. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Таразда түнде 1–3 градус үсік жүреді.

Абай облысы

29 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында секундына 15–20 метрге жетеді.

Павлодар облысы

29 қазанда түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді.

Қызылорда облысы

29 қазанда түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, ал солтүстік бөлігінде жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Ақмола облысы

29 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15–18 метрге жетеді. Көкшетауда күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысы

29 қазанда таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы таулы аудандарда секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Түркістан қаласында түнде 1–3 градус үсік жүреді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысы

29 қазанда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Облыстың батысы мен орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанды түнде және таңертең тұман басады. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Қарағанды облысы

29 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде секундына 15 метрге жетеді. Облыстың батысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қарағандыны да тұман басады.

Жетісу облысы

29 қазанда облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні Алакөл көлдері маңында секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 1 градус үсік жүреді. Шығысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, ал оңтүстігі мен орталығында жоғары деңгейде сақталады. Талдықорғанда түнде 1–3 градус үсік жүреді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысы

29 қазанда түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы облысы

29 қазанда облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша 1–6 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта түнде 1–3 градус үсік жүреді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысы

29 қазанда облыс бойынша өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Атырау қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Маңғыстау облысы

29 қазанда шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында және орталығында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары, ал орталығында төтенше деңгейде сақталады. Ақтауда өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

29 қазанда түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді. Петропавлда күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

29 қазанда облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысы

29 қазанда түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында секундына 15–20 метрге жетеді. Өскеменді түнде және таңертең тұман басады.

Алматы қаласы

29 қазанда өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қаланың Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Шымкент қаласы

29 қазанда өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Бұған дейін Павлодарда қараша айы климаттық нормадан 2 градусқа жылы болатыны айтылды.