Тұрғындар назарына: ертең Қонаевта шұғыл хабардар ету жүйесі тексеріледі

Фото: Қонаев әкімдігі

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қонаев қаласының тұрғындары ескерту жасады. 

ТЖД мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 12:00-де халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі.

– Сіздің мобильді құрылғыларыңызға дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі. Аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты хабардар ету үшін қолданылады. Мұндай хабарламалар түскен жағдайда көрсетілген нұсқауларды мұқият орындауларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бүгін алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. 

ТЖМ 28 сейсмостанцияның бірі жер сілкінісін тіркеп, хабарландыру жібергенін мәлімдеді. 

Алматы қаласы ТЖД бастығының айтуынша, афтершок күтілмейді.