Бұл туралы Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текин мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде балалардың жасына сәйкес келмейтін контенттің жариялануы олардың оқу үлгерімі мен тұлғалық дамуына кері әсер етеді.
— Басқа елдердегідей, біз де осы негіздер бойынша сот процесін бастаймыз, — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Meta компаниясына 1,4 триллион доллар айыппұл салынуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Meta балалардың қауіпсіздігіне қатысты талаптарды реттеу үшін 17 млрд доллар төлеуге келісті.
Ал кеше АҚШ-тың Нью-Мексико штатының соты Facebook пайдаланушыларын жеке деректерін қорғау мәселесінде жаңылыстырғаны үшін Meta Platforms компаниясын 25 млрд доллар төлеуге міндеттеді.