Түркияда тағы да қонақүй өртенді

Фото: Фото: Pixabay.com

МАРМАРИС. KAZINFORM – Түркияның Мармарис қаласында орналасқан бес жұлдызды қонақүй өртеніп, 6 адам ауруханаға түсті. 

DHA агенттігінің хабарлауынша, қонақүйде 680-ге жуық адам демалып жатқан. Өрт кезінде ғимаратта болған барлық адам эвакуацияланды. Ауруханаға түскендердің жағдайы орташа деп бағаланады. 

Фото: dha.com.tr

Еске салсақ, жыл басында Түркияның Болу қаласындағы Карталкая тау-шаңғысы курортында өрт болды. Қонақүйден шыққан өрттен бір отбасынан 14 адам қаза тапқан болатын. Ел президенті Ердоған олардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Сондай-ақ Түркияның Аланья қаласында салынып жатқан қонақүй ғимаратынан өрт шықты.

Мерей Әміртай