DHA агенттігінің хабарлауынша, қонақүйде 680-ге жуық адам демалып жатқан. Өрт кезінде ғимаратта болған барлық адам эвакуацияланды. Ауруханаға түскендердің жағдайы орташа деп бағаланады.
Еске салсақ, жыл басында Түркияның Болу қаласындағы Карталкая тау-шаңғысы курортында өрт болды. Қонақүйден шыққан өрттен бір отбасынан 14 адам қаза тапқан болатын. Ел президенті Ердоған олардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Сондай-ақ Түркияның Аланья қаласында салынып жатқан қонақүй ғимаратынан өрт шықты.
Мерей Әміртай