«Қазіргі таңда жер сілкінісінің зардаптарын жою және іздестіру жұмыстарына 100 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Оның ішінде төтенше жағдай өкілдерінің, полиция мен қорғаныс саласының, үкіметтік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, еріктілер бар.
Онымен бірге шетелдерден көмек келіп жатыр. Әлемнің 34 елі 4 мыңнан астам құтқарушыны іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін жіберді», - деді Уфук Екиджи Астанадағы елшілікте өткен брифингіде.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне келіп, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланыстыкөңіл айтты.
Анадолу агенттігінің мәліметінше, Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 6234-ке жетіп, 37 011 адам жарақат алған.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда үш қазақстандық іздестіріліп жатыр.
Фото: aa.com.tr