Түркияның Балыкесир провинциясында 4,9 магнитудалы жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

АНКАРА. KAZINFORM — Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:20-да Сындыргы ауданында, 9,64 шақырым тереңдікте болды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Төтенше жағдайлар және апаттарды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Сындыргы ауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта зардаптар мен шығындар туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапония жағалауында 5,8 балдық жер сілкінісі болды.

Ауғанстандағы жер сілкінісінен жеті адам қаза тапты.

Ал 28 қазан күні Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Мәрмәр және Эгей аймағының елді мекендерінде 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуін бірінші кезекте Ыстамбұл мен Измир қалалары сезінді.