ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Оқиға Түлкібас ауданындағы «Қарақшы» учаскесінде болды. Жүк пойызы рельстен шығып кеткен.
Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта сүйенсек, апатты жағдайдан 8 вагон бүйіріне аударылып қалған. Салдарынан жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, шпалдар мен қураған шөптер өртенген.
Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қаіргі таңда апатты жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында қоғамдық орындарды ластаған 10 мыңнан астам адамға айыппұл салынғанын жазған едік.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.