Қазақстанның жекелей сындағы екінші, әлемнің 84-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 96-орындағы германиялық Татьяна Мариямен ойнады.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездесіп, соның бәрінде Путинцева жеңіске жеткен еді. Бұл жолы германиялық спортшы 6:4, 6:4 есебімен қарымта қайтарды. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 99-орындағы Александр Шевченко әлемнің 4-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссимге шамасы келмеді – 3:6, 1:6, 4:6.
Бұл матч 1 сағат 35 минутта аяқталды.
Осылайша, Уимблдон жарысы қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталды.
Жекелей сындағы ендігі үміт Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бубликте.
Әлемнің 2-ракеткасы Е.Рыбакина сейсенбі күні алғашқы айналымда рейтингіде 154-орындағы франциялық Лоис Буассонмен ойнайды.
Әлемнің 11-ракеткасы А.Бублик рейтингіде 491-сатыдағы аустралиялық Танаси Коккинакиспен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде көш бастау мүмкіндігі туралы айтып бергенін жазған едік.
Ардақ Әбіжанов Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры болды.