Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 кг «гашиш» есірткі заты тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі жеткізудің өңірлік арнасының жолын кескен еді.