Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.
«Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр „мефедрон“ сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана жойылған болатын.