ҰҚК: Дрондар туралы жағдайға түсінік берді

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс кулуарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов батыс өңірде дрондардың құлау фактілеріне қатысты пікір білдірді.

Фото: БҚО тұрғындарынан

Оның айтуынша, жердегі шекара қызметін атқаратын шекаралық жасақтар жоғары биіктікте ұшатын дрондарды анықтай алмайды.

— «Мемлекеттік шекара туралы» заңға сәйкес, әуе кеңістігінде шекараны күзету міндеті Әуе қорғанысы күштеріне жүктелген. Ал біз визуалды түрде байқайтын дрондар бойынша тиісті ақпаратты құзырлы органдарға жолдаймыз, — деді ол.

Бұған дейін еліміздің батысында дрондар құлауына байланысты арнайы комиссия құрылғанын жазғанбыз.