Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
— Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (ақталған қылмыстық істер бойынша) 3,7 млрд теңгені құрады, — делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын Қостанайда тұрғын үй құрылысына азаматтардан ақша тарту кезіндегі алаяқтық туралы қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталғанын жазған едік.