Ведомство мәліметіне қарағанда, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қосымша мәліметтер жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Kazinform агенттігінің сауалына жауап бере отырып.
Айта кетейік, биыл маусым айында Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері шетелдіктерге жалған құжаттар дайындап, олардың елде заңсыз жұмыс істеуіне көмектескен топтың қызметін тоқтатты.