Facebook-тегі жазбаға қарағанда, Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы кәсіпкерден 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген.
— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Kazinform тілшісіне.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда пробация қызметінің бұрынғы инспекторы сотталған азаматтан 400 мың теңге пара алғаны үшін 12 млн теңге айыппұл арқалағанын хабарланғанбыз.