— 2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі — менингококцемия, — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.
— Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Алматыда сарбаз әскери бөлім ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткен еді.