Үндістанның шығысында жер сілкінді

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның шығысындағы Ассам штатында 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Report агеніттігі хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы 900 мыңға жуық тұрғыны бар Гувахати қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 шақырым жерде тіркелген. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге қирау және зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Айта кетейік, Мексикадағы 6,5 балдық жер сілкінісі президент баспасөз мәслихатын тоқтатты. Жер сілкінісі жұма күні таңертең Мексиканың Герреро штатында болып, Шейнбаумның биылғы жылғы алғашқы баспасөз конференциясын үзіп жіберді.

Бұл жойқын жер сілкінісінен кемінде екі адам қаза тапты. Мерт болғандар егде жастағы адамдар.