Сербиялық Александра Круничпен «Үлкен дулыға» турнирінің 3-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина алғашқы айналымда Чили өкілі Алекса Гуарачи – мысырлық Маяр Шерифпен кездесті.
Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық-сербиялық жұп брейк жасай білді – 7:5.
Екінші сет барысында қарсыластар брейк алмасты. Содан кейін есеп 5:5 болғанда, А.Данилина – А.Крунич тағы бір брейкке қол жеткізді. Бірақ Гуарачи – Шериф та қалыспады – 6:6. Тай-брейкте Анна мен Александраның асығы алшысынан түсті – 7:6 (9:7).
Бір сағат 59 минутқа созылған тартысты бәсекеде Данилина – Крунич 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Гуарачи – Шериф 1 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның жылдың қорытынды турниріне жолдама алғанын жазған едік.
АҚШ ашық чемпионатында Юлия Путинцева жарыс жолын аяқтады.
Елена Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды.