US Open: Анна Данилина жұптық сында екінші айналымға жолдама алды

Фото: Sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады. 

«Үлкен дулыға» турнирінің 9-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – сербиялық Александра Крунич алғашқы айналымда хорватиялық Антония Рузич – нидерландылық Бибиана Схоофспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Данилина – Крунич 6:1 есебімен айқын басымдылық танытты.

Екінші сет те дәл осындай есеппен аяқталды – 6:1.

Бір сағат 3 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-сербиялық жұп 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Рузич – Схоофс 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін анықталады

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өткенін жазған едік. 

Елена Рыбакина АҚШ чемпионын ойсырата ұтып, төртінші айналымға шықты.