Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай сайлауда дауыс берді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Париж Олимпадасының жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

Даңқты боксшы Алматы облысындағы Жаңашар ауылында, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдау жасады.

— Мен үшін сайлауға қатысу — азаматтық ұстанымымды білдіріп, ел болашағына үлес қосудың мүмкіндігі. Әр азамат таңдауының маңызды екенін түсінуі керек. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім, — деді Назым Қызайбай.

Қазір спортшы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүргеніне қарамастан, сайлауға қатысу үшін алдын ала есептен шығару куәлігін алған. Назым Қызайбайдың айтуынша, ол қоғамдағы маңызды оқиғалардан шет қалмауға тырысады және сайлауға тұрақты қатысып келеді.

Қазір еліміз бойынша 10 363 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 адам енгізілген.

Айта кетелік Алматыда Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өз таңдауын жасаған еді