Үш экзитпол көрсеткіші: Құрылтай сайлауындағы алдын ала нәтиже белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздегі алғашқы Құрылтай сайлауында үш зерттеу ұйымы дауыс беру қорытындысына қатысты экзитпол нәтижелерін ұсынды.

Фото: Kazinform / ЖИ

Қоғамдық саясат институтының деректеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың дауыстары былай бөлінген:

  • «Әділет» партиясы — 72,30%;
  • «Ауыл» партиясы — 6,20%;
  • Respublica партиясы — 5,20%;
  • «Ақ жол» партиясы — 5,10%;
  • ЖСДП — 5,00%;
  • Қазақстан халық партиясы — 2,80%;
  • «Байтақ» партиясы — 0,90%;
  • барлығына қарсымын — 2,50%.

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижесі мынандай:

  • «Әділет» партиясы — 71,8%;
  • «Ауыл» — 6,4%;
  • Respublica — 5,4%;
  • ЖСДП — 5,2%;
  • «Ақ жол» — 5,1%;
  • Қазақстан халық партиясы — 3,0%;
  • «Байтақ» — 1,0%;
  • барлығына қарсымын — 2,1%.

Тағы бір экзитполды «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізді. Оның деректеріне сәйкес нәтиже былай тіркелген:

  • «Әділет» — 70,7%;
  • «Ауыл» — 6,4%;
  • Respublica — 5,5%;
  • «Ақ жол» — 5,4%;
  • ЖСДП — 5,0%;
  • Қазақстан халық партиясы — 3,2%;
  • «Байтақ» — 1,2%;
  • барлығына қарсы — 2,6%.
Инфографика: Kazinform

Осылайша, үш зерттеудің де деректері ұқсас шықты. Экзитпол нәтижесі бойынша ең жоғары қолдауға «Әділет» партиясы ие — 70,7%-дан 72,3%-ға дейін.

«Ауыл» партиясының көрсеткіштері 6,2–6,4%, Respublica — 5,2–5,5%, «Ақ жол» — 5,1–5,4%, ЖСДП — 5,0–5,2% аралығында.

Сонымен қатар, Құрылтайға өту үшін саяси партия кемінде 5% дауыс жинауы тиіс. Ұсынылған экзитпол деректеріне сәйкес, бұл межеден бес партия өтуі тиіс: «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП.

Үш сауалнама бойынша Қазақстанның халық партиясы 2,8–3,2%, ал «Байтақ» партиясы 0,9–1,2% дауыс алады деп болжанған.

Барлығына қарсы дауыс бергендердің үлесі 2,1–2,6% құрайды. 

Айта кетейік, экзитпол — сайлау учаскесінен шыққан азаматтардан алынатын сауалнама, яғни респонденттер өз дауысын кімге немесе қай партияға бергенін ерікті түрде айтып береді.  Мұндай зерттеулер ресми санау аяқталмай тұрып, дауыс бөлінісінің алдын ала көрінісін бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, экзитпол нәтижесі сайлаудың ресми қорытындысы болып саналмайды және дауыс санаудан кейін уәкілетті органдар бекітетін соңғы нәтижелерден айырмашылығы болуы мүмкін.

Еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті.

20:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасады.

Құрылтай сайлауына қатысты барлық жаңалықпен мына сілтемеге өтіп оқи аласыздар.