V Азия Пара ойындары: Дастан Мұқашбеков күміс, Иван Зелезняк қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жеңіл атлетикадан ерлер арасында F36 классында ядро итеру сайысы өтті, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы.

Фото: @parateamkz

Қазақстандық спортшылар Дастан Мұқашбеков 15.47 метр нәтижесімен күміс медаль иеленсе, Иван Зелезняк 12.71 метр нәтижесімен қола жүлдеге қол жеткізді.

Фото: @parateamkz

1-орын: Бахтиёров Б. (Өзбекстан) — 15.98 м (Азия Пара ойындарының рекорды)

2-орын: Дастан Мукашбеков (Қазақстан) — 15.47 м

3-орын: Иван Зелезняк (Қазақстан) — 12.71 м

Фото: @parateamkz

Айта кетейік, бүгін Нұршат Төлеуқасым Азия Пара ойындарында пара садақ атудан қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Қазақстан пара волейбол командасы Азия ойындарының финалына шықты.