Министрлік бұл операцияның үміт сыйлап, тірі қалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастыруға жігерлендіретінін атап өтті.
Сондай-ақ ведомство Колумбияның Табиғи апаттар қаупін басқару ұлттық қызметі мамандары мен Богота өрт сөндіру қызметкерлерінің жанқиярлығы мен батылдығына жоғары баға берді.
Айта кетейік, Венесуэлада 24 маусымда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1430-ға жетті.
Біріккен ұлттар ұйымы Венесуэлаға көмек көрсету үшін халықаралық қауымдастықты бұрын-соңды болмаған деңгейде жұмылуға үндеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.