Басылымның мәліметінше, бұл туралы Венесуэланың Боливар Республикасының Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеген.
Үкімет жариялаған күнделікті мәліметке сәйкес, 16 740 адам түрлі жарақат алған, тағы 17 907 тұрғын баспанасыз қалған. Табиғи апат салдарынан 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 нысанға айтарлықтай зақым келген.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 6 462 адам құтқарылды. Ауруханалар мен басқа да медициналық мекемелерде 25 970 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар 86 794 отбасы гуманитарлық көмекпен қамтылды. Азық-түлікті қоса алғанда, жеткізілген гуманитарлық жүктің жалпы көлемі 9 603 тоннаны құрады.
Еске салайық, бұған дейін Қытай Венесуэлаға алғашқы гуманитарлық көмек партиясын жібергенін жазған болатынбыз.