— ІІМ мен Яндекс Go есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға және азаматтардың қылмыстық әрекеттерге тартылуына жол бермеуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында цифрлық платформаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жүргізушілерге, курьерлерге және сервис пайдаланушыларына есірткіні таратқаны, оның ішінде тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ақпарат беріледі, — делінген хабарламада.
Осы мақсатта қосымша ішінде push-хабарламалар, профилактикалық бейнероликтер мен ақпараттық материалдар орналастырылады. ІІМ есірткі қылмысына қарсы күресте мемлекет, бизнес және қоғамның күшін біріктіру жұмыстарын жалғастыра бермек.
Ведомствоның мәліметінше, басты басымдықтардың бірі — жастарды есірткі бизнесінен қорғау және қоғамда есірткі қылмысына мүлдем төзбеуді қалыптастыру.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 15 жастағы қызға тиісті деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталған болатын.