«Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл халықтың бірігуінің тиімді механизмі деп ойлаймын. Мұны Қазақстанда жұмыс істеп жүргенде білгенмін. ҚХА-ның қазақстандық қоғамның тұрақтылығындағы рөлі зор. Алдағы уақытта да оның маңызы артып, қызметі де кеңейеді деген сенімдемін», - деді ол «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің көрсетілімінің алдында.
Еске сала кетейік, ҚХР-дағы ҚР Елшілігі Қытайдың ұлт істері бойынша мемлекеттік комитеті және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қытай ұлттарының мемлекеттік мәдениет сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.