Отандасымыз жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.
Қытайлық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы тоғызыншы алтын жүлдесі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы жетінші жарыс күнінде бес қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды.