АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 28-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен өткізді.
Бірінші партияда брейк жасаған Ю.Путинцева сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.
Есесіне екінші сетте бірде-бір гейм алған жоқ – 0:6.
Дегенмен шешуші, үшінші партияда сәтті ойнай білді – 6:2.
Бір сағат 49 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. П.Мартич 3 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жұптық сында Дубай турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды.
Қазақстандық жас теннисші Пәкстандағы турнирде чемпион атанды.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).