АСТАНА. KAZINFORM — Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды.
Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақын тұр.
Сондай-ақ Дамир Жалғасбай 60-тан 31-ге, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға жайғасты.
Бұлардың үшеуінің де жасы 17-де.
З.Нұрланұлы, Д. Жалғасбай, Д. Тазабеков 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Заңғар онда 8-ракетка ретінде тіркелген.
Аустралия ашық чемпионатына дейін үш жас қазақстандық теннисші сол елдегі ITF J300 TRARALGON турнирінде ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Брисбен турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған едік.
Анна Данилина Аустралиядағы жарыстың ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).