Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 14 жасар Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті.
Финалда қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1,
Заңғар дода барысында Аустрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.
З.Нұрланұлы М.Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.
Бұл – Заңғар Нұрланұлының халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің жетінші рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті.
Қазақстанның кішкентай теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Фото - Қазақстан теннис федерациясы