АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс тенниске жарты жылдан кейін қайта оралмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Дияс осыған байланысты өз пікірін бөліскен.
«Өткен жыл мен үшін күрделі болды. Денсаулығыма орай қиындықтар туындап, үзіліс алуыма тура келді. Сондықтан рейтингім де төмендеп кетті. Қазір қалпыма келіп жатырмын, денсаулығым жақсарып қалды. Теннис, турнир, жанкүйерлерді сағындым. Тенниске сәуір айында оралуды көздеп отырмын. Бәріңізді Жаңа жылмен құттықтап, тыныштық, ашық аспан, барша жақсылықты тілеймін», -деді З.Дияс.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дэвис кубогінің іріктеу матчына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).