Жағажайдағы волейболдан U18 әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі

АСТАНА.KAZINFORM - Гаага қаласында (Нидерланд) жағажайдағы волейболдан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды.

Фото: ҚР ҰОК

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының атынан Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш сынға түсті. Отандастарымыз «Е» тобында Чили, Эстония құрамаларын жеңіп, Литваға жол берді. Осылайша топтан екінші орынмен шығып, 1/16 финалда Польша құрамасына жол берді.

ҚР ҰОК мәліметінше, әйелдер арасында Гаяна Галаш және Мерей Қожахмет ел намысын қорғады. «G» тобында өткен бәсекеде ұлттық құрама Латвия, Венесуэла және Канададан жеңіліп қалды. Осылайша топтық кезеңнен шыға алмады.

Айта кетейік, күрестен U17 әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі жарияланды.

Испания 16 жылдан кейін әлем чемпионатының финалына шықты.