ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.
Тәртіп сақшылары жаураған жолаушыларға ыстық шай мен нан таратып, жағдайды түсіндіруде. Алыс жолға шыққан көліктердің майы қатып, техникалары істен шығып, жолда бұзылып қалып жатыр. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірге болып, жағдайды бақылауда ұстайтын болады.