«Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.
Ағымдағы жылдың басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды», — деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.
Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілген.
Еске салайық, бұған дейін шекарада өзге елдің азаматтығы бар жеті қазақстандық ұсталғанын жазғанбыз.