Жаңбыр жауып тұрғанда асфальт төсегендер жұмысын тоқтатты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе -Орск тасжолына асфальт төсегендер қар аралас жаңбырға қарамастан жұмыс істеді. Жергілікті әкімдік мердігер компаниядан жұмысты тоқтатуын талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қар, жаңбыр жауып тұрғанда тасжол төсеуге болмайды. Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Ақтөбе-Орск трассасын салып жатқан мердігер компаниядан жұмысты тоқтатуын талап етті. Себебі, 0-8 шақырымдық жолды салуға республикалық бюджеттен 3 миллиард 80 миллион теңге бөлінді. Үш жылға жоспарланған жұмыс келер жылы аяқталуы тиіс. Қараша айындағы қар аралас жаңбырға қарамастан тасжол төсегендердің жұмысы бақылауға алынды. 

«Ақтөбе-Орск тасжолының құрылысы үшін биыл 900 миллион теңге бөлінді. Осы аптада тасжол төсеу жұмысы аяқталуы тиіс. Биыл барлығы 6,5 шақырым жолдың құрылысы аяқталуға жақын. Екі шақырымы қалған кезде жаңбыр жауып кетті. Техникалық қадағалаушылар тексеріп, жұмысты тоқтатты. Негізі жаңбырдан бұрын төселген асфальт тегістелді, ал жүк көліктері тасамалдаған тасжол қоспасы кері қайтарылды. Күн аяз болып, жер қатса, асфальт төсеуге болмайды. Су үстіне төселсе битум араласқан қиыршық тас шашылып қалады»,- деді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Аспенов.

Айта кетейік, биыл Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстарына 7,8 миллиард теңге бөлінді. Ең ірісі - Ақтөбе-Орск тасжолы, Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты маңынан жол өткелін салу құрылысы. Үш жобаға 2 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылды.

Кладут асфальт в дождь. Трасса на Нурсити #zello_aktobe

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) Ноя 12 2017 в 3:33 PST