«Мен мықты қарсыласқа қабілетті екендігімді көрсеттім. Әлем чемпионының белбеуі үшін айқасқа жақындай түстім. 2019 жыл мен үшін табысты болады деп сенем. Бұл менің «ісімнің» басы ғана», - деді Жәнібек Әлімханұлы Boxing News журналына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, кәсіпқой боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) нокаутқа жіберген болатын. Сондай-ақ, оның әлемдік рейтингтегі орны бірден 66-сатыға жоғарылады.