Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:15 шамасында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 350 шақырым тереңдікте орналасқан.
Фукусима префектурасының жекелеген аудандарында сейсмикалық қарқындылық Жапонияда қолданылатын жеті балдық шкала бойынша 3 балға жеткен.
– Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:15 шамасында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 350 шақырым тереңдікте орналасқан. Фукусима префектурасының жекелеген аудандарында сейсмикалық қарқындылық жеті балдық шкала бойынша 3 балға жетті. Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ, – делінген ақпаратта.
Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 33,7 және шығыс бойлықтың 137,1 градусындағы нүктеде орналасқан.
Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның Огасавара аралдары маңында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте орналасқан. Ол кезде де цунами қаупі туындамаған.