АСТАНА. KAZINFORM Жергілікті уақыт бойынша 8 желтоқсан күні сағат 23:15-те Жапонияның Аомори префектурасының шығыс жағалауында 7,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды CCTV.
Телеарнаның жазуынша, Жапония Метеорология агенттігі 8 желтоқсан күні сағат 23:23-де цунами туралы ескерту жариялаған. Кей аймақтарда цунами салдарынан су деңгейі 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Сондықтан агенттік тұрғындарды ерекше сақ болуға шақырды.
Бұған дейін Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 6,0 балдық жер сілкінісі болғаны туралы хабарлаған едік.
Ерлан Мазан
Шынжаң университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. «Шынжаң газеті», «Астана ақшамы» басылымдарында тілші, редактор болған. 2022 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі қытай редакциясының редакторы