Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкінді
АСТАНА. KAZINFORM — Бейсенбі күні Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 6,0 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Қытай сейсмологиялық желілері орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпуі Қызылсу-Қырғыз автономиялық округінің Ақшы уезінде тіркелген.
Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 41,13 градус солтүстік ендік пен 78,40 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Тереңдігі 10 шақырымды құрады.
Қаза болғандар мен қирау туралы ешқандай хабарлама түскен жоқ.
Еске салайық, Алматыда бүгін, 4 желтоқсанда жер сілкінді.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.
Алматы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қалада тіркелген жер сілкінісіне қатысты түсінік берді.