Қазақстандық теннисші нидерландылық Изабель Ховерлагпен бірге ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, ресейлік Мария Козырева — ұлыбританиялық Майя Лумсденге тап келді.
Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік-ұлыбританиялық дуэт 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде қазақстандық-нидерландылық жұп дәл сондай есеппен жауап берді. Содан соң супер тай-брейкте таразы басын аудара білді — 10:8.
Бір сағат 23 минутқа созылған бәсекеде Құламбаева — Ховерлаг 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Козырева — Лумсден 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.
Жібек Құламбаева — Изабель Ховерлагтың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Ж.Құламбаева осы табысы нәтижесінде қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 102-ден 95-орынға көтеріліп, спорттық жолында алғаш рет ТОП-100-ге кірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Токио турнирінде грекиялық теннисшіні ұтқан Путинцеваның Рыбакинамен ойнайтынын жазған едік.