АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингіде 457-орындағы Жібек Құламбаева Гаага (Нидерланд) ITF W75 турнирінде сенсация жасады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 170-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Нурия Бранкаччиоға тап келді. Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда италиялық теннисші басым түскен.
Бұл жолы бірінші партияда Бранкаччио сәтті ойнады - 6:2. Дегенмен Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді - 6:1, 6:4.
Тартысты бәсеке 2 сағат 11 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін германиялық Жоэль Лилли-Софи Стойрмен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде қарсыласын ойсырата ұтқан Заңғар Нұрланұлының үшінші айналымға шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Соня Жиенбаева Португалиядағы жарыстың ширек финалына өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).