АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 476-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 302-ракеткасы, қытайлық Зонгю Лимен шеберлік байқасты.
Бастапқы партияда қытайлық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Бұдан кейін Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді — 6:3, 6:0.
Тартысты бәсеке 3 сағатқа жуық уақытқа созылды.
Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін әлемнің 215-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, сербиялық Миа Ристичпен таласады.
Қазақстан құрамасының мүшесі Ж.Құламбаева жұптық сында да доданы сәтті бастады. Жібек румыниялық Ирина Барэмен бірге бастапқы кездесуінде сербиялықтар Наталия Сенич — Аня Станковичті қапы қалдырды — 7:6 (8:6), 6:7 (4:7), 10:6. Сөйтіп қазақстандық-румыниялық жұп ширек финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Торонто турнирінде Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионын жеңгенін жазған едік.
Сондай-ақ теннисші Соня Жиенбаева жеңіс сериясын алты матчқа жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).