АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 491-ракеткасы Жібек Құламбаева Таиландтағы ITF турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 486-ракеткасы, бельгиялық Клара Власселармен кездесті.
Бірінші партияда Жібек басымдылық танытты – 6:2. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмады - 4:6, 4:6. К.Власселар финалға шығу үшін әлемнің 457-ракеткасы, жапониялық Саки Имамурамен таласады. Ол рейтингіде 613-орындағы қытайлық Чжэн Вушуаньды жолдан тайдырды – 7:6 (7:5), 6:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.
Александр Недовесов Мексикада жарыстың 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).