АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 491-ракеткасы Жібек Құламбаева Таиландтағы ITF турнирінің ширек финалына өтті.
Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші әуелі рейтингіде 1 093-орындағы словакиялық Лаура Цилекованы 7:5, 6:3 есебімен жарыс жолынан тайдырды.
Жібек 1/8 финалда рейтингіде 610-сатыдағы Гонконг өкілі Хо Чин Вуды тізе бүктірді – 6:3, 6:1.
Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 486, доданың 3-ракеткасы, бельгиялық Клара Власселармен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Мексикадағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).